Алтай Елжасов Жамбыл облысындағы суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарымен танысты

Алтай Елжасов Жамбыл облысындағы суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарымен танысты
ашық дереккөз
Алтай Елжасов Жамбыл облысындағы суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарымен танысты

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Алтай Елжасов пен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

 width=

Байзақ ауданындағы ұзындығы 21,7 шақырым болатын Сеңкібай каналын қалпына келтіруді «Құрылыс ТЭД» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда мұнда үш құрылыс бригадасы жұмыс істеуде. Жоба жоспарына сәйкес каналды бетондау көзделген. Бұл өз кезегінде су шығынын болдырмауға мүмкіндік береді. Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы барлық жұмыстарды келесі вегетациялық кезең басталғанға дейін толығымен аяқтау керектігін айтты.

 width=

 Аталған мердігер компания Медеу, Айткүл, Сатыбалды магистралды каналдарын да қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарымен айналысуда.

– Қандай жағдай болмасын, жұмысты бір сәтке де тоқтатуға болмайды. Шаруалар қажет кезде судан тапшылық көрмеуі тиіс. Бұл шаралардың барлығы суармалы алқап көлемін, өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін еселеуге бағытталған, – деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ Алтай Аралбайұлы Меркі ауданына барып, ұңғыма қазу жұмыстарының барысымен танысты. Жалпы Меркі ауданында 46 ұңғыма қазу жоспарланған. Қазіргі таңда жоспарланған ұңғымалардың 26-сы қазылған. Жерасты суын тиімді пайдалану мақсатында қолға алынған тірлікке оң бағасын берген Алтай Аралбайұлы осы бағыттағы жұмыстарды басқа да аудандарда жалғастыру керектігін айтты.

 width=

«Қазсушар» РМК облыстық филиалының мәжіліс залында өткен жиналыста Алтай Елжасов мердігер компаниялардың басшыларына, өкілдеріне суармалы кезең аяқтала салысымен құрылыс жұмыстарын бастауды міндеттеді. Арқаны кеңге салып жүруге болмайтынын айтқан А.Аралбайұлы құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытында аяқтауды баса айтып өтті.

Ұқсас жаңалықтар