Жау үстіне көктен түскен жасынсың

Жау үстіне көктен түскен жасынсың
ашық дереккөз
Жау үстіне көктен түскен жасынсың
ЖАУ ҮСТІНЕ КӨКТЕН ТҮСКЕН ЖАСЫНСЫҢ Құрметтесе хас батырын, дарасын, Жүз жасыңды тойлап жатыр Таласың. Туыстардың шаттық ойнап жүзінде, Ынтымағы тауып алған жарасым. Сәду демей, десе сені арысым, Бойларында сағыныштың бары шын. Саған деген махаббаты халықтың, Деп тұрғандай сен Таластың арысың. Жауға шапқан жолбарыстай қайраттым, Дейді сені – арыстандай айбаттым. Қан қасапты Днепрден өтерде, Кім санапты қанша жауды жайраттың. Жауатардай ұрпағысың тектінің, Төлек бабаң таудың басқан екпінін. Өзіңменен мақтанамыз біздер де, Шуда өтті басшылықта көп күнің. Бұл Таластың топырағы киелі, Дәл осында Бөлтіріктің сүйегі. Басқа емес Қонаевтай тау тұлға, Талас жерін сүйіп өткен-сүйеді. Жау үстіне көктен түскен жасынсың, Асыл десе тот баспайтын асылсың. Саған арнап Шудан жазған өлеңім, Осы тойға шашу болып шашылсын.  

Мәлібектің СӘТі,

ақын.

Ұқсас жаңалықтар