Әріптесіміз Шапағат ӘБДІР байқау жеңімпазы атанды
Республикалық «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында әріптесіміз, ақын, «AULIEATA –MEDIA» ЖШС -не қарасты облыстық «Ar-ai» жаст ар газетінің тілшісі Шапағат Әбдір бас жүлдені жеңіп алып, 1 миллион теңге қомақты сыйлыққа ие болды. Шапағат бұл байқауға екі көлемді мақала жіберген екен. Біріншісі, балалардың және жастардың ауызекі тілінің бұзылуы, екіншісі – көркемсөздің сардары саналатын журналистердің тілді шұбарлауы жайлы.
«Тіл шұбарлау деген орысша араластырып сөйлеу ғана емес, қазақ тілін дұрыс қолдана алмау да осындай санатқа жатады. Осы жағын өткірлеу сын садағына алдым. Еңбегім ақталып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын», – дейді жеңімпаз.
Байқауға еліміздің әр аймағынан жүзге жуық мақала келіп түскен екен. Жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанған Шапағатты біз де құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




