Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің назарына!
Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;
мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, No78, 2-қабат, каб.229.
Электрондық пошта: akim_dpp@zhambyl.gov.kz.
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-10-17, 8 (7262) 54-36-20. Конкурстың нысанасы: «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік «Гранттар беру», ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін) мемлекеттік гранттар беру.
Байқау түрі: Ашық конкурс.
Бөлінген қаражат: 21 млн. теңге.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Үкіметтік «Qoldau.kz» электрондық веб-порталы арқылы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:
Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады, Үкіметтік «Qoldau. kz» веб-порталы арқылы электрондық нысанда бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2022 жылы 15 қазанға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2022 жылы 1 қазан сағат 10.00-нан бастап (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2022 жылы 15 қазан сағат 10.00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




