Әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берді

Әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берді
ашық дереккөз
Әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берді
Ел Президентінің Жолдауын ерекше назар аударып, жақсы көңіл-күймен тыңдадым. Мемлекет басшысы салық мәселелері, медицина, білім, әлеуметтік саланың мәселелерін терең қозғап, алдағы жоспар –жобаларымен де бөлісті. Президенттің сөзінен аңғарғанымыз – ел мүддесін ойлайтыны, Мемлекетке адалдығы. Президент қарапайым халықтың мұң-мұқтажы, өтініштеріне көбірек құлақ асу керектігін ұдайы айтып келеді. Бұл жолы да халыққа аса қажетті құндылықтарды қадап-қадап, ерекшелеп атап көрсетті. Жолдауда Президенттің «Жүз мың жас маманды жұмыспен қамтуымыз қажет» дегені өте қуанышқа бөледі. Себебі, әр отбасының бірінші уайымы –жұмыссыздық. Азамат болған баласы жұмыс істеп, жалақы алып жүрсе, ол барлық шаңыраққа – шаттық, береке. Осы тұрғыда Президенттің жаңа Жолдауы жарқын мақсат, игі бастамаларға толы екен. Осындай көңілге қонымды жағы көп Жолдау үшін риза болып, бір марқайып қалдым. Жастардың жұмыспен қамтылуы – үлкен іс. Ол мәселе мәдениет, спорт салаларын да қамтиды. Сондықтан руханият саласының адамы ретінде бұл қадамға ерекше риза болып отырмын. Президент зейнет жасын ыңғайлы жағдайға әкелуді, зейнетақыны бірте-бірте көбейтуді де назардан тыс қалдырмаған екен. Ол жағына да зейнет жастағы кісі ретінде сүйсініп, қуандық. Бір сөзбен айтқанда, бұл Жолдау – әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берген жаңа бастамалар жиынтығы дер едім. Жаратушы елімізге амандық, Президентке күш қуат берсін. Жақсы, нұрлы, шуақты күндеріміз көп болғай!  

Шырын МАМАСЕРІКОВА,

ақын,

Меркі ауданының

Құрметті азаматы.

Ұқсас жаңалықтар