Үмітті ақтаған үздіктер

Үмітті ақтаған үздіктер
ашық дереккөз
Үмітті ақтаған үздіктер

Нұрдаулет Жұмағали, паражүзуден Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токиода өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Айбек Искра, паражүзуден Әлем Кубогының қола жүлдегері. Әлішер Ерғали, еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, U23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионы, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Данияр Смайлов, аударыспақтан Әлем чемпионы, Ғалымжан Қырықбай XІ «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирінің қола жүлдегері, Дулат Дүйсенов, кикбоксингтен Әлем Кубогының иегері, Рахат Қалжан еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Данияр Шамшаев, дзюдодан Азия чемпионы, Нұрқанат Серікбаев, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы, Камила Кемелбекова KWU каратэден Әлем кубогының жеңімпазы, Ерболат Кәрібай, пара пауэрлифтингтен ашық панамерика чемпионатында жастар арасында жеңімпаз атанса, ересектер арасында күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар Тұрдалы Нұрмұхамед еркін күрестен U-15 Азия чемпионы, Жақсылықбек Диас грек-рим күресінен U15 жасқа дейінгі кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, Нұрданат Айтанов еркін күрестен жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері, Юнус Гафуров еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Дәулет Ергеш еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, қуантып отыр.

Ұқсас жаңалықтар