Қоғамдық көлік қатары толықты

Қоғамдық көлік қатары толықты
ашық дереккөз
Қоғамдық көлік қатары толықты
Тараз қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатындағы жұмыстар жалғасын тауып, қала көшелеріне тағы 10 автобус қосылды. Әрқайсысы, 56 миллион 500 мың теңге тұратын 10 дана «Golden dragon» көліктері №9 маршрутта жүргізіледі. Су жаңа автобустардың кілтін жүргізушілерге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов табыс етіп, сәт-сапар тіледі. «Сity-bus» серіктестігіне қарасты автобустардың орындық саны – 37, сыйымдылығы – 150. Қоғамдық көліктердің ерекшелігі — пандустармен жабдықталған, ішінде бейнебақылау камералары, автоматты хабарлау құралы орнатылған. Талас ауылынан бастап, Шаңырақ алқабына дейін жүретін автобустар алдағы уақытта тұрғындар игілігі үшін қызмет ете бермек.  

"Aq jol"-Aqparat".

Ұқсас жаңалықтар