Елбасы Қазақстан Жазушылар одағын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2014
- 556
Мемлекет басшысы өз құттықтауында Жазушылар одағы 700-ден астам қазақстандық ақын-жазушының басын қосқан еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі екенін атап өткен. «Бұл – еліміздің мәдени өмірінің дамуына, моральдық және рухани құндылықтардың нығая түсуіне, жастар тәрбиесіне зор үлес қосып отырған іргелі ұжым. Жазушылардың бүгінгі буыны – Қазақстан әдебиетінің кешегі Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Морис Симашко, Иван Щеголихин сынды көптеген көрнекті тұлғаларының баға жетпес мұраларын лайықты жалғастырушы ізбасарлары», – делінген құттықтауда. Елбасы сондай-ақ, мемлекетіміз Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен жазушыларға қолдау білдіріп, қоғамдағы шығармашылық орта мен жасампаздық рухты қалыптастыруға ұдайы қамқорлық жасап келе жатқандығына тоқталған. «Әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық бар, жас таланттарға Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы беріледі. Жыл сайын қаламгерлерге Президенттік және Мемлекеттік стипендиялар тапсырылады. Мемлекеттік тапсырыс аясында қазақстандық үздік авторлардың жүздеген кітаптарын шығару игі үрдіске айналды», – деп атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы рухани кемелдену, жалпыұлттық құндылықтарды дамытып, бейбітшілік пен келісімнің асыл мұраттарын ұлықтау – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндеттерінің бірі екеніне назар аударды. Бұл орайда, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене араласатын зиялы қауым осы міндеттерді орындауда шешуші рөлге ие болуы тиіс. Соңында Қазақстан Президенті Жазушылар одағының алдағы уақытта да зиялыларымызды ұйыстыра беретініне сенім білдіріп, оның мүшелеріне зор денсаулық, береке-бірлік, шығармашылық табыстар және сүбелі туындыларды өмірге әкелулерін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




