Еліміз, оның ішінде облысымызда мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында көптеген тұрғын үйлер салынып, ел игілігіне берілуде. Аймақта тұрғын үйлерді жаңа технологиямен салып, материал және қаржы үнемдейтін кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі – Тараздағы «Пико и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік өткен жылы бағдарлама бойынша қаладағы Маяковский көшесінде 25 пәтерлік 2 үйді салып, пайдалануға берді. Кәсіпорын ғимаратты металл құрастырып, жылы блоктармен салады. Мұның өзі оларға қаржы, материал және уақытты едәуір үнемдеуге мүмкіндік беруде. Жаңа материал – жылы блок үш қабаттан тұрады. Оның ортасына жылу оқшаулайтын полистирол орналастырылады. Ұзындығы – 51, биіктігі – 20 және ені 20,5 сантиметр жылы блок жазда – ыстық, қыста суық өткізбейді.
Мәселен, ұзындығы және ені 10х10 үйді салу үшін 30 мың дана қызыл кірпіш керек. Ал осындай, ғимаратты 900 дана жылы блокпен тұрғызуға болады. Кірпішті сатып алуға – 900 мың, ал, жылыблокқа 700 мың теңге жұмсалады. Кірпіштен салынған ғимараттың ішкі пайдалы алаңы – 80, ал, жылы блоктікі 91 шаршы метрді құрайды. Биыл серіктестік шаһардағы Маяковский және Байзақ батыр көшесінің бойында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Таяуда олар Қойгелді және Ниетқалиев көшелерінің қиылысында тағы да 50 пәтерлік көпқабатты үйдің құрылысын қолға алатын болады. – Жаңа әдіспен салынған үйлерде тараздықтар бір рет қыстап шықты. Бөлмелердің салқындығы туралы ешкімнен шағым түскен жоқ. Қаладағы құрылыс жүргізуші бірқатар компаниялар біз өндіретін жылы блокқа қызығушылық танытуда. Тұрғын үй салудан артылған материалдарды басқа компанияларға өткерудеміз. Қазір жылы блок шығаратын цехтың құрылысы аяқталып келеді. Автомашиналар жөндейтін жылы бокс салынуда. Олардың құрылысына да өзімізде өндірілетін өнім қолданылуда. Келешекте бөлмелерді бөлетін жеңіл әрі қолайлы панельдер шығаруды қолға аламыз, өзімізден артылғандарын өзгелерге өткереміз, – дейді «Пико и К» ЖШС директоры Анатолий Пак. Серіктестік 75 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Олардың әрқайсысы екі-үш мамандықтан игерген. Орташа жалақылары 70 мың теңгені құрайды. Компания өзіне қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Мұның өзі оларға белгіленген жұмысты ырғақты жүргізуге игі ықпалын тигізуде.
Ақылжан Мамыт, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді