«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЕТ ӨНІМІ МОЛ БОЛАДЫ

ЕТ ӨНІМІ МОЛ БОЛАДЫ
ашық дереккөз
ЕТ ӨНІМІ МОЛ БОЛАДЫ

Орталық «Достық» алаңында өткен жәрмеңкеге қалалықтар ертеменен ағылды. Бұл жолы тараздық тұтынушыларға Меркі, Мойынқұм, Талас, Қордай, Сарысу, Шу аудандары мен «Тараз сауда-cаттық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 174,6 тонна азық-түлік тауарларын ұсынды. Азық-түлік тауарлары базар бағасынан 5-25 пайыз төмен болғандықтан ұзын сонар кезек пайда болды. Әсіресе, «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС мен Меркі ауданының шаруалары әкелген килограмы 60 теңге болатын картопты қалалықтар қаптап алып жатты. Жұмасейіт Нұрбаев жетекшілік ететін «Байелі болыс» шаруа қожалығы қой етінің бір килограмын 800 теңгеден сатқандықтан бір тоннаға жуық ет екі-үш сағатта өтіп кетті. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов жәрмеңкедегі сауда-саттық барысымен танысты. Астана мен Алматы қалаларында өтетін жәрмеңкелерге үздіксіз қатысып жүретін Мойынқұм ауданының шаруалары әкелген 1 тонна балық, 500 килограмм жылқы, 850 килограмм қой еті, бір тонна сиыр етін де алушылар көп болды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов «ендігі жәрмеңкеге азық-түлік тауарын бұдан да мол әкелеміз» дейді. Қарашадағы ағыл-тегіл жермеңкеде 12 тонна ет, 4 тонна сүт, 3 тонна кондитерлік, 4 тонна макарон, 5 тонна балық, 4 тонна бал және 135 тоннадан астам көкөніс-бақша, жеміс-жидек өнімдері мен басқа да ауыл шаруашылық тауарлары өткерілді. Бұл жолы тараздықтар 38,2 миллион теңгеге сауда жасады.

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар