- Advertisement -

Ақылды қария – ағынды дария

121

- Advertisement -

Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы бастаған бір топ ардагерлер жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты,- деп хабарлайды аудан әкімі Ернар Есіркепов.

Айтуынша, 2020 жылы ауданымызда бұл жоба Құмарық ауылында бастау алып, өз нәтижесін берген болатын. Осы орайда аталған ауылдағы «Қайрат» ЖК мал бордақылау алаңымен, Құмарық тау кооперативінің техника тұрағымен таныстырылып, ауылдағы өндірілген өнімдер ақсақалдардың назарларына ұсынылды.


Сонымен қатар, облысымыздың түкпір-түкпірінен келген ақсақалдар Ақтоған шаруа қожалығының, Құлан ауылындағы «Элай-Құлан» мүгедектерді оңалту орталығының, Құлан агротехникалық жоғарғы колледжінің, спорт кешенімен және аудандық ардагерлер үйінің жұмысын көріп, оң бағаларын берді.

Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныс пікірлері мен ақыл-ойларын тыңдап, халықтың табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның артықшылықтары талқыланды.

Ернар Есіркепов
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support