- Advertisement -

Құрылыс нысандары бақылауда

75

- Advertisement -

Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаев ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жағдайы бойынша жауапты тұлғаларды қабылдады ,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы ауданда 2022 жылы 29 жобаға бюджеттен 53,4 млрд. теңге қаражат бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 4-еуінің құрылысы аяқталса, 18 осы жылы пайдалануға берілуге тиіс, ал 7-еуі 2023 жылға өтпелі болып саналады.

Мемлекеттің қаражат бөліп, жүргізіп жатқан құрылыстардың ішінде 2 білім саласындағы нысан, 4 денсаулық саласындағы нысан, 3 ішкі істер мен төтенше жағдайлар саласына қатысты нысан, 9 тұрғын-үй нысаны, 4 спорт нысаны, 4 мәдениет нысаны және 3 инфрақұрылымдық нысандар бар. Барлығы аудан әкімдігінің қатаң қадағалауында.

Отырыс барысында әрбір салынып жатқан нысан бойынша аяқталу мерзімі, қазіргі жағдайы, шешімі табылмай жатқан мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілген.

 

Қордай ауданының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support