ҚҰҚЫҚ: талап және міндет
Қазіргі заманда құқықтық сауаттылық аса қажет. Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістерден мағлұмат алып, қылмысқа бармас үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жөнінде біліп жүргенге не жетсін? Жамбыл политехникалық колледжінде студенттердің қатысуымен «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас өтті. Оған оқу орнындағы «Шешендік өнер» үйірмесінің студенттері қатысты. «Мұндағы көздегеніміз – жастардың құқықтық білімдерін жетілдіріп, олардың заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу», – дейді осы шараның ұйымдастырушылары Айгүл Абитаева мен Айман Қарауылова.
«Әділет» және «Ақиқат» тобына бөлінген бірінші курс студенттері бес бөлім бойынша сынға түсті. Топ атын, белгісін таныстырып, құқықтық сұрақтарға жауап беріп, сол тақырыптағы мақалдар айтып, берілген сұрақтарға жауап берді. «Әділдік» пен «Ақиқатты» ту етіп алған екі топтың да дайындықтары, көрсеткіштері бірдей түсті.
Бір атап өтерлігі, жастар ойларын шебер жеткізіп, еркін сөйледі. Құқықтық сауаттылықтары да қуантады. Сондықтан осындай ой салатын шараларды көптеп өткізе бергеннің зияны жоқ.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді