Қазақстанда медицина туризмін дамыту жоспарланды
Нұр-Сұлтанда медтуризм қауымдастығының тұсаукесері дөңгелек үстел форматында өтті. Мемлекеттік органдардың, жетекші медициналық ұйымдардың, туризм және сервис индустриясының бизнес-құрылымдарының өкілдері алдағы уақытта қандай қиындықтар мен жетістіктер тұрғанын талқылады.
Қауымдастық саланы дамыту үшін заңнамалық өзгерістерге бастама жасайды. Біз үшін тек ішкі туристерді ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристерді де тарту өте маңызды. Шетелден келген пациенттер біздің мамандарымыз бен медицинамыздың не істей алатынын білуі үшін біз медицина саласындағы сапа мен алдыңғы қатарлы технологияларды белсенді түрде көрсеткіміз келеді. Бүгінгі таңда медициналық туризм тек қызмет көрсететін медициналық ұйымдардан ғана емес, сонымен қатар басқа да сервистік қызметтерден тұруы керек. Бұл әуекомпаниялар, қонақүйлер және басқалар", - деді қауымдастықтың құрылтайшысы, "АльфаМедГрупп" ЖШС бас директоры Кристина Кривец.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қазақстандық клиникалардың мықты жақтарын атады.
"Шетелдік турист бізге келуі үшін JCI (Joint Commission International) арнайы халықаралық аккредитациясы бар. Аккредиттелген сегіз қазақстандық клиниканың алтауы елордада, екеуі Алматыда орналасқан. Бұл әлеует бар екенін және бізде бәсекелестік артықшылықтар барын білдіреді. Баға қолайлы, операциядан кейін қалпына келу үшін жақсы табиғат та бар. Сан емес, бастысы - сапа. Кез келген тапсырма бақылауды жақсы көреді", - деп түсіндірді Талғат Аманбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




