Ауыр жүк көліктері ауыл жолын тоздыруда
Бүгінгі таңда тозығы жеткен жолдарды жөндеуге бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып, тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Былтырғы жылдың өзінде облыстық маңызы бар "Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент", "Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел", "Саудакент-Тоғызкент" және "Ақкөл-Ойық-Ұланбел" автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Десе де, мұндай жүйелі жұмыстар да өткір мәселеге айналған жол проблемасының түбегейлі шешімі емес.
Жалпы, облыстық маңызға ие жолдардың басым көпшілігі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары ел игіліне берілген. Атап өтерлігі, бұл жолдарда 8 тоннаға дейін ғана осьтік жүктемеге рұқсат етілді. Әйтсе де, бүгінде бұл талапқа бағынғысы келмейтіндер жетіп артылады. Мәселен, бір ғана кіші Қамқалыдан тұз тиеген 60-100 тонналы ауыр жүк көліктері Жаңатас арқылы Түркістан облысына, Ақкөл арқылы Тараз және Шу қалаларына одан әрі қарай Қырғызстан Республикасына қатынауда. Бұл сөзсіз ескі жолдармен қоса жөндеуден өткен жаңа жолдардың тез тозуына «көмек беруде». Анығында, мұндай жүктемелерге жөндеуден өткен жолдың өзі төтеп бермейді. Осылайша, жөнделген жолдар қайта қирап, авариялық жағдай туып отыр.
Жалпы, облыстық маңызға ие жолдардың басым көпшілігі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары ел игіліне берілген. Атап өтерлігі, бұл жолдарда 8 тоннаға дейін ғана осьтік жүктемеге рұқсат етілді. Әйтсе де, бүгінде бұл талапқа бағынғысы келмейтіндер жетіп артылады. Мәселен, бір ғана кіші Қамқалыдан тұз тиеген 60-100 тонналы ауыр жүк көліктері Жаңатас арқылы Түркістан облысына, Ақкөл арқылы Тараз және Шу қалаларына одан әрі қарай Қырғызстан Республикасына қатынауда. Бұл сөзсіз ескі жолдармен қоса жөндеуден өткен жаңа жолдардың тез тозуына «көмек беруде». Анығында, мұндай жүктемелерге жөндеуден өткен жолдың өзі төтеп бермейді. Осылайша, жөнделген жолдар қайта қирап, авариялық жағдай туып отыр.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




