Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың педагогтердің республикалық тамыз кеңесінде берген тапсырмасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың педагогтердің республикалық тамыз кеңесінде берген тапсырмасы
ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың педагогтердің республикалық тамыз кеңесінде берген тапсырмасы

2019 жылғы 16 тамыз

АЙТЫЛДЫ:

«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтеріміздің мәртебесін көтеруіміз керек. Бұл мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намыс пен құқығын қорғаудың кепілі және материалдық ынталандыру».

ОРЫНДАЛДЫ:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп отыр. Бұл шара 2023 жылға дейін жалғасады. Есеп беруді азайту үшін мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттар тізімі қысқартылды. Енді мұғалімдер күн сайын екі-ақ құжат, яғни сынып журналы және сабақ жоспарын толтырады.

Келесі оқу жылынан бастап үш ауысымда оқытатын мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік форматта оқиды. Осының есебінен оқушылар, мұғалімдер, сонымен қатар мектеп директорлары мен оның орынбасарлары қосымша 36 демалыс күн демалады.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес педагогтерді олардың кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға жол берілмейді. Педагогтердің құқығын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Мұғалімдерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі, ол күнтізбелік 42 күннен 56 күнге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ балабақша тәрбиешілерінің жыл сайынғы еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге дейін ұлғайтылды.

 

ҚР  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар