«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек
ашық дереккөз
Дерек пен дәйек

Меркі ауданы 1928 жылы 26 қазанда құрылған. Ол Қырғыз елімен, Шу, Мойынқұм, Тұрар Рысқұлов аудандарымен шектеседі. Жер көлемі 7,05 мың шаршы шақырым. 44 елді мекеннен тұратын өңірде он төрт ауылдық аймақ бар. Халқының саны 82427 адам. 1 қазанға дейінгі еңбек ресурстары бойынша экономика саласында 47577 адам еңбек етеді. Ал жұмыссыздар саны 110 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,29 пайызды құрайды. Шаруашылық субъектілердің жалпы саны – 5171. 23 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік сала бойынша 14 балабақшада 1451 бүлдіршін, 12 шағын орталықта 550 бала, 38 мектепте 14626 оқушы тәрбие алуда. Денсаулық сақтау саласы бойынша 2 аурухана, 1 өкпе ауруларына қарсы аурухана, 1 емхана, 13 отбасылық амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 19 медпункт бар. Төсек орын саны – 185. 139 дәрігер, 563 орта және кіші буындағы медицина қызметкері жұмыс істейді. Он мың адамға 17,5 дәрігерден, 57,1 төменгі буын мамандарынан келеді. 8 мәдениет үйі, 1 мұражай, 7 ауылдық клуб, 28 кітапхана, 7 ұлттық этномәдени орталық жұмыс істейді. 1 спорт мектебі, 1 стадион, 30 спорт залы, 140 жаздық алаң бар.

Ұқсас жаңалықтар