Келешекке кемел біліммен!
Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым Бүгін аудандық мәдениет үйінде өткен «Келешекке кемел біліммен!» атты тамыз кеңесіне қатысып, бірқатар білім саласының белсенді қызметкерлерін марапаттадым. Мемлекет тарапынан білім саласының дамуына жасалып жатқан қолдау өте көп. 2021 жылы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Аталған жобаның шеңберінде білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер соғылып, оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі лайықты шешімін табуда. Ағымдағы жылы ауданға қарасты Дихан, Алатау орта мектептерінің құрылысы жүргізіліп, жаңа оқу жылында оқушылар үшін есігін айқара ашпақ.
Одан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 539 376,4 мың теңгеге үш білім беру нысаны, атап айтқанда №2 Мыңбұлақ, №30 Көктөбе орта мектептері және №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Құрметті ұстаздар!
Мектеп – білім ордасы. Ал қоғамның болашағы білімі терең, азаматтық позициясы айқын, мәдениеті жоғары жастарды тәрбиелеумен тікелей байланысты болмақ.
Ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
Игілікті істеріңізде әрқашан асқақ абырой мен жоғары мәртебе тілеймін!
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді