Бірқатар өңірде ана өлімі көбейген

Бірқатар өңірде ана өлімі көбейген
ашық дереккөз
Бірқатар өңірде ана өлімі көбейген

Денсаулық сақтау министрі бірқатар өңірді ана өлімінің көбейгені үшін сынға алды

Алқа отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ана мен бала денсаулығын қорғау қызметі тиімсіз жұмыс істейтін бірқатар өңір мен медицина  ұйымдарының нашар жұмысын сынға алды.

Министр ана өлімі бойынша ахуал мәз емес өңірлердің рейтингінде Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласын атады.

«Ана өлімі жағдайларын тексеру стандарттардың сақталамайтынын растап отыр. Бұған аналар өлімінің  себеп-салдарлық құрылымы дәлел:   73%  – бұл басқаруға болатын, яғни амалын жасаса ананы аман алып қалуға болатын себептер, 27% өлім жағдайы ауыр соматикалық аурулардың салдарынан болған»,  – деді А.Ғиният.

Ол Акушерлік, гинеокология және перинатология ғылыми орталығында  3 рет ана өліміне жол берілгенін «сорақы жағдай» деп атады. Министрдің айтуынша, сарапшылар барлық жағдайда да диагностика кеш жасалғанын, қауіп-қатер мен емдеу тактикасы дұрыс бағаланбағанын нұсқаған.  Салдарынан өмірі үшін маңызды ағза мүшелері қайтымсыз өзгеріске ұшырап, соңы өлімге  әкеліп соққан. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басшысы қызметінен босатылды.

Амбулатория мен стационар деңгейінде науқастың жай-күйін жете бағаламау, медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықтың жоқтығы салдарынан өлім жағдайына әкеліп соққан. Осындай шулы жайттар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында да орын алғанын мысалға келтірді министр.

«Әріптестер, мұндай сорақы жайттар бүкіл өңірде атқарылған жұмысты жоққа шығарады әрі денсаулық сақтау саласының беделіне нұқсан келтіреді», – деп ескертті ведомство басшысы.

 

Aq jol aqparat

Ұқсас жаңалықтар