Бүгін тараздық білім қызметкерлері тамыз конференциясында бас қосты.
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2022
- 552
Бүгін тараздық білім қызметкерлері тамыз конференциясында бас қосты. Мақсат – педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды талқылау, сондай-ақ, жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттерін айқындау.
Конференция барысында бәсекеге қабілетті шәкірттерді оқыту, қазіргі қоғамда педагог мәртебесін арттыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау мәселелері қозғалды.
Жиынға Тараз қаласы әкімінің м.а. Қ.Исмаил қатысты. Білім қызметкерлері қазіргі заманның жаңаша талаптарына әрқашан сай болуы керектігін айтқан Қ.Әбілханұлы білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын жеткізді.
Конференция соңында білім саласында нәтижеге жеткен бірқатар тәжірибелі ұстаздар марапатталды.Айта кетейік, интеллектуалдық сайыстардың қорытындысы бойынша облыстағы үздік 10 мектептің қатарына қаланың 5 мектебі енді. Сондай-ақ, №24 гимназия "Үздік қала мектебі " номинациясына ие болса, ҰБТ қорытындысы бойынша Республика көлемінде "Үздік 100 мектеп" қатарына №45 гимназия енді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




