Жаңалықтар
Қазақ қызы джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2022
- 647
Қазақ қызы джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
Қазақстандық Дана Төлеужан Гамбургте (Германия) өткен AJP TOUR International PRO – GI & NO-GI халықаралық турнирінде көк белбеулер арасында 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Жарысқа әлемнің 32 елінен 430-дан аса спортшы қатысқан. 23 жастағы Дана үшін бұл екінші турнир. Оның алдында Испаниядағы жарыста жетістікке жеткен болатын. Ол финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Даниядан келген қарсыласына жол берді. Бірақ үшінші орын үшін өткен кездесуде Германиядан келген қарсыласын жеңді.
«Турнирге жалғыз бардым. Ешқандай қолдау болмады. Жаттығу процесі қиын болды. Парижде күніне екі-үш рет жаттығатынмын. Өкінішке қарай, бұл жеткіліксіз болды. Жаттығуға көбірек уақыт жұмсасам, келесі жолы жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын», – дейді спортшы.Дана Төлеужан 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем чемпионатында ақ белбеулер арасындағы джиу-джитсу фестивалінің күміс жүлдегері атанды. Ол қазір Италияның Рим қаласында тұрады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




