Мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті
Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен құқық қорғау қызметкерлері «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсене атсалысуда.
Бұл жолы «Мектепке жол - шекарасыз жақсылық!» ұранымен өткен игі іс барысында ЖД-158/5 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көмекке мұқтаж жанұяның перзентінің бірі Жанкелді есімді жеткіншекті мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, жас ұланға киім кешек түрінде де көмек берілді.
Айта кетейік, аталған акция оқу жылы қарсаңында тек екі ай ғана емес, жыл бойы іске асады. Жамбылдық жомарт һәм мәрт жандар осынау игі істен қалыс қалмайды деп сенеміз.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




