Жеңіс тұғырында - байзақтықтар
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Спорт күні» мерекесіне орай өңірдегі спорт мекемелері қызметкерлері арасында ұйымдастырылған шағын футболдан облыстық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыстың өтуіне облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды. Жалпы бұл турнирде 35 команда бақ сынады. Мұндай жауапты жарысқа әр мекеме жақсы дайындық жасап, белсенді қатысатыны белгілі. Сондықтан турнир қызық та қарбалас сәттерге толы болды. Аса тартысты өткен ақтық сайыс нәтижесі бойынша Байзақ ауданында орналасқан №8 ОМБЖСМ жарыс жеңімпаздары атанса, екінші орын финалда есе жіберген сарысулық №26 БЖСМ құрамасында. Үздік үштікті №5 ОМБЖСМ түйіндеді. Өзге де командалар жеңіске деген құштарлығымен ерекшеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




