- Advertisement -

Жерлестеріміз тоғыз ойында ұтты

25

- Advertisement -

Нұр-Сұлтан қаласында голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының екінші айналымы өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының құрамалары бақ сынады. Екі айналымның қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы 9 ойында жеңіске жетіп, Қазақстан чемпиондары атанды.

Бұл ретте жамбылдық құраманы баптаған аға жаттықтырушы Ерлан Арғынбаевтың ерен еңбегін айта кеткен жөн. «Қарсыластарымыз осал болған жоқ. Өз шәкірттеріммен бірге үмітті ақтап, чемпион болғанымызға қуаныштымын», – дейді ол. Бұл чемпионаттың күміс жүлдесін Алматы облысының құрамасы иеленсе, атыраулық құрама үздік үштікті түйіндеді.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support