Ұлы тұлғаға құрмет
Қаратау қаласындағы Д.Қонаев атындағы мұражайда ұлы тұлғаны еске алу шарасы өтті. Жиында Д.Қонаев атындағы аудандық қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ілес Нұралы аса көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығы республика көлемінде биыл кеңінен аталып, өтіп жатқанына тоқталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгергенін, жақында Тараз қаласынан Дінмұхамед Ахметұлының еңселі ескерткіші ашылғанын, наурыз айында демеушілердің қаржысына мынадай сәулетті мұражай ашылғанын атап өтті. Қонаев рухын әспеттеуде қолға алынып жатқан басқа да шараларды әңгімеледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов және аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев Алатаудай тұлғалы азаматтың ел басқарудағы ерен еңбегін, кісілік болмысын, адами-асыл қасиетін еске алып, рухына тағзым етті. Бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Шараға жиналғандар мұражай экспонаттармен танысып, Димекеңнің қызметінен, саналы ғұмырынан, облысқа жұмыс сапарынан, отбасы тіршілігінен сыр шертетін суреттерді тамашалады. Димаш Ахметұлына арнаған лирик ақын Тұманбай Молдағалиев пен таластық белгілі ақын Нарша Қашағанның өлеңдері де мұражай төрінен орын алыпты. Екі ақынның өлеңдері де тау тұлғаны аңсаған жандарды тебірентіп, жанарларын жасауратты.
Еске алу шарасының соңынан жиналған жұртқа дәм беріліп, рухына құран бағышталды.
Амангелді ӘБІЛ
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді