Пияз алқабын аралап көрді
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ Аудандағы «Жасұлан» және «Құлмахан» шаруа қожалықтарында пияз жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осында арнайы атбасын бұрған аудан әкімі Ернар Есіркепов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Алқаптан – сөреге дейін» жобасы аясында шаруа қожалықтары мен дүкен арасында тікелей форвордтық келісімшарт негізінде аудан дүкендеріне өткізілетін пияз дақылының сапасына зер салды. Аудан басшысы алғашқылардың бірі болып тамшылатып суару жүйесін пайдаланып отырған «Жамбыл-БТТ» шаруа қожалығына да барып, 120 гектарға егілген пияз алқабын аралап көрді. Сондай-ақ Құмарықтағы Шал-су каналының бас тоғаны, Көгершін каналының бас тоспасы және Құландағы Шөңгер каналының жағдайын көріп, су өткізу мүмкіндіктерін қарады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




