Жаңалықтар
БАЙҚАУ. Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін республикалық журналистер конкурсы туралы:
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2022
- 605
БАЙҚАУ. Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін республикалық журналистер конкурсы туралы:
Жамбыл облысының әкімдігі облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай журналистер арасында «Қазақ баспасөзінің тарихы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында конкурс жариялайды! Аталған конкурсқа Қазақстан Республикасында тұратын 18-40 жас аралығындағы журналистер қатыса алады. Бәйгенің шарттары туралы төмендегі Ережеден толық білуге болады. Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін өтетін республикалық журналистер конкурсына қатысу ЕРЕЖЕСІ
- «Қазақ баспасөзінің тарихы: бүгіні мен ертеңі» конкурсының негізгі мақсаты – елімізде тұратын журналистерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын кең көлемде насихаттау әрі «Aq jol» газетінің тарихын таныту.
- Конкурсқа 18 бен 40 жас аралығындағы журналистер қатыса алады.
- Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап қабылданады.
- Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды Жамбыл облысы әкімдігінің жанынан құрылған арнайы комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды.
- Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервал аралығында компьютерде терілген болуы тиіс. Ұсынылған материалдың көлемі 5 беттен аспауы керек.
- Конкурсқа жіберілген материалдар бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған болуы керек. Бұл орайда барлық жауапкершілік материалды жіберуші авторға жүктеледі.
- Конкурсқа арналған материалдар akjolgazet@gmail.com электронды поштасына «Aq jol» газетіне 100 жыл» деген айдар қойылып жіберілуі керек.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді