Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ашық дереккөз
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес; 3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес; 5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 6) ғылыми дәрежесінің болуы; 7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес; 8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін  
D-3, А блок 305252 350615
D-3, В блок 305232 350615
D-О-4 А блок 263131 302255
D-О-4 В блок 226837 260564
  «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштердің қарауды бақылау бөлімінің басшысы, D-3 санаты, №16-1, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: В блок. Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу және олардың қызметін үйлестіру; бөлім қызметкерлерінің тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз ету; бөлім кадрларының кәсіби біліктілігін жоғарылату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; бөлімнің жұмыс жоспарын жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету; облыс әкімі аппараты басшысына азаматтардың өтініштері мен арыздарын қараудың, олардың қабылдаудың жағдайы, құжаттарды дайындау мен рәсімдеуде жұмыс регламентінің сақталуы туралы ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету және бақылау; аудандар мен Тараз қаласы әкімдері аппараттарындағы, сондай-ақ облыс әкімдігінің басқармаларындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуын, осы бағыттағы іс жүргізу жағдайын зерделеу; аудандарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету; облыс әкімдігінің «Ашық әкімдік», «Open space» форматындағы жұмыстарын үйлестіру; кестеге сәйкес облыс әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды қабылдауын үйлестіру; бақылаудағы өтініштердің орындалуын үйлестіру; ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы түсетін өтініштерді мазмұнына қарай орындаушыларға жолдау және мерзімінде орындалуын бақылау; бақылау-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалар немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе педагогикалық ғылымдар. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалар (жалпы) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық (жалпы). «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің бас инспекторы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін 26.11.2022ж.), D-3 санаты, №9-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: А блок. Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін облыстық комиссия және үйлестіру кеңесінің отырысын дайындау, облыс әкімі отырысына материалдар дайындау, перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу, жетекшілік ететін салада стратегиялық бағыттарды әзірлеуге қатысу. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің, өз құзіретінде бағыныштылардың жұмыстарын негіздеу, болжамдау, бақылау, жүзеге асыру қабілетінің болуын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуына, жетекшілік ететін сұрақтар бойынша хаттар мен өтініштердің қаралуына бақылау жасау. Барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдармен өзара жұмыс жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе педагогикалық ғылымдар. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар (жалпы) немесе бизнес және басқару (жалпы) немесе құқықтану немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар (жалпы). «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
  1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп және қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін 21.06.2023 ж.), D-О-4 санаты, (№04-2), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: А блок. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өнеркәсіп саласын дамыту бойынша бағдарламаларын облыс аумағында орындауды қамтамасыз ету. Өнеркәсіп бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжауын әзірлеуге қатысу. Аймақтың өнеркәсіп саласының дамуына мониторинг жасау; жүйе құраушы кәсіпорындарды сатып алуда қазақстандық қамтуды дамыту; мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесіне мониторинг жүргізу, есептік ақпараттар әзірлеу. Облыс өнеркәсібін дамыту жөніндегі қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективалық жоспарларды әзірлеуге, іске асыруға және уәкілетті органдармен келісуге қатысу; өнеркәсіп өнімінің көлемі жөніндегі ай сайынғы материалдарды жинақтау. Өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиясын және технологиялық процесін зерделеу. Кәсіпорындардың келісімімен, олардың өнеркәсіп саласындағы жұмысын оңтайландыру үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бизнес-процессіне қатысу. Аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыстың өнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қажетті материалдар дайындау. Өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізу. Серіктестік бағдарламасын дамыту мақсатында ірі, орта және шағын бизнес компаниялары арасында қарым-қатынасты ұйымдастыру. Өнеркәсіп саласы және қазақстандық қамту бойынша талдамалық ақпарат дайындауға қатысу. Өз саласында облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу және келісу. Бөлімнің перспективалық және ағымдағы жоспарларын құруға және оларды іске асыруға қатысу. Бөлім саласына байланысты имидждік және өзге де іс-шараларды өткізуге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе халықаралық қатынастар немесе ақпараттық жүйелер немесе геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау немесе кен ісі немесе металлургия немесе машина жасау немесе аспап жасау немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру немесе тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе мұнайісі немесе немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы немесе статистика. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасын индустриалық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді білуі.
  1. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қаржы-әкімшілік бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, В блогы, 1 бірлік, №2-5.
Функционалдық міндеттері: В блок. Басқарманың нормативтік және құқықтық актілерін заң тұрғыдан сараптау. Құқық қорғау, сот және басқа да органдарда басқарманың мүддесін қорғау. Басқарма бөлімдерін құқықтық актілермен қамтамасыз ету. Басқарманың нормативтік және құқықтық құжаттарының, комиссия мәжілістері хаттамаларының және басқа да заңды белгілеу құжаттарының уақтылы және сапалы дайындалуын бақылауды іске асыру. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi және мекемеде құқықтық жұмыстарға әдiстемелiк тұрғыдан басшылық етудi жүзеге асырады, құқықтық құжаттарды дайындау және ресiмдеуде құрылымдық бөлiмшелерге құқықтық көмек көрсетедi, мекеме қызметкерлерiн қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерiстер жөнiнде ақпараттандыруды, қызметкерлерге ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелерi бойынша кеңес бередi, қорытындылар жасайды, мүлiктiк-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актiлердi ресiмдеуге жәрдемдеседi. Сот істері бойынша құжаттарды дайындайды және ресімдейді, сонымен қатар сотқа қатысады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес уәкілетті органға есеп береді. Мекемедегі мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді. Басқармада құқықтық жалпы оқу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді, осы жұмыстар бойынша уәкілетті органдарға есеп береді. Жалпы құқықтық оқулар шеңберінде семинарлар өткізу. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша басқа да құқықтық қамсыздандыру міндеттерін атқару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы. Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары (жалпы). «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік, Экологиялық, Орман, Су, Еңбек, Бюджет және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері. 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың; 2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады: 1) Өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады. Құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама). Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
  Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады: 1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі); 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама Өтініш Мені ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Мекенжайы: __________________________________________________ Байланыс телефоны: ___________________________________________ e-maіl: ___________________________________________________________ ЖСН: ___________________________________________________________ __________________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «____»_______________ 20__ ж.  
 «Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
 
 тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО(түрлі түсті/ цветное,3х4)
_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность*, место работы, местонахождение организации
қабылданған /приема босатылған /увольнения
_____________________Кандидаттың қолы /Подпись кандидата _______________күні / дата
  * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Ұқсас жаңалықтар