Нұрбек Бекен "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болды
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2022
- 750
Нұрбек Бекен "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бұл туралы «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли фейсбук парақшасында мәлімдеді.
– Бұған дейін “Хабар24” арнасының бас редакторы қызметін атқарған Нұрбек Бекен АҚШ-қа Агенттік атынан меншікті тілші болып аттанып барады.
Енді «Хабар» Агенттігінің АҚШ-тағы тілшілер қосыны Нью-Йорктен Вашингтонға көшіп, журналистеріміз Ақ үйден тікелей ақпарат тарататын болады.
Нұрбек Бекен – отандық медиа саласының дамуына өз үлесін қосқан белгілі журналист. Еңбек жолын «Шығыс-Информ», «Өркен» сынды ақпараттық бағдарламалардың жүргізушісі, тілші болып бастаған. Халықаралық журналистика саласында бай тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары "Хабар" және "Хабар24" телеарнасының ҚХР-дағы меншікті тілшісі болып қызмет етіп, Associated Press-тің Бейжіңдегі студиясынан тікелей эфирлер жүргізген. Бұдан бөлек, «Шығыс-Ақпарат» медиа холдингінің Басқарма төрағасы, Жамбыл облысы «Aulieata-Media» холдингінің бас директоры қызметтерін атқарған. Еске сала кетейін, «Хабар» Агенттігі әлемнің 16 мемлекетінен хабар таратады, – деп жазды Б. Уәли.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




