Тұрғындардың талап-тілегі ескерілді
Қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил шаһар тұрғындарымен кездесті. Кезекті жүздесуге №5 аумақтық округінің тұрғындары қатысып, өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді. Басқосуда алдымен қала әкімінің бас инспекторы Жуаныш Жарықбасов окургтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы жөнінде баяндап, биылғы жоспарларды мәлімдеді. – Жалпы №5 округ аумағында тұрғындар саны 44 069 адамды құрайды. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында №5 аумақтық округ бойынша 13 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. «Таразға тарту» бағдарламасы аясында 10 аллея салынды. Ағымдағы жылы «Аса» мөлтек аудандағы 19 үйдің маңындағы кіші-футбол алаңшасы жөндеуден өткізіледі. №27, №32 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Жуаныш Қалықбергенұлы.
Кездесуде тұрғындар тарапынан жарық, су және ауланың тазағылығы мәселелері көтеріліп, оларға нақты жауап берілді. Жиын соңында Қайрат Әбілханұлы әрбір тұрғынның талабы ескеріліп, күрделігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.
Есен САҒЫНАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




