Каналдың16 шықырымы тазаланды
САРЫСУ АУДАНЫ Жаңаталап ауылдық округіндегі жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында Тасарық каналының 16 шақырымы тазаланып, су жіберілді. Нәтижесінде округ маңындағы 800 гектар алқаптағы 3 көлшік суға толды. Он мың гектар аймақта жайылатын 300-дей жылқы, 700 мүйізді іріқара мен 6 мыңнан астам қой-ешкі және округтегі шаруа қожалықтарының 3 отар малы да осы төңіректен су ішеді. Ондағы ажырық шөп пен белді бойлаған жантақтың шығымы жақсы.
Ауылдың өрістегі малына жасалған жағдай оң нәтижесін беріп отыр. Сондықтан алдағы уақытта су арнасын кеңейту жоспарлануда.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




