Гүлсін ОРЫНБАЕВА, «Облыстық кәсіптік одақтар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты.
Қазіргі кезде біздің еліміз ғана емес, басқа да көптеген елдер жедел қарқынмен дамып келе жатқан исламдық қаржы нарығына зор қызығушылық танытуда. Ал бізде осы шариғат қағидаларына сай қаржыландырудың ойдағыдай іске асырылып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ең бастысы, бұл жүйе алкогольді ішімдік пен темекі өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерге арналмаған. Сонысымен де ерекше. Халыққа адал қызмет көрсетіп, халал өнімдер ұсынудың нәтижесі берекелі болатыны белгілі. Бізде дәл солай болып та жатыр. Ислам банктерінің әлемде көптеген бәсекелестері дағдарысқа ұшырап, шығынға батып жатқан күннің өзінде қарқынмен даму үстінде. Бұл олардың қаржыландыру саясатын халықтың игілігімен үйлестіре жүзеге асыруымен де байланысты. Елімізде ислам банкі көмегімен алдағы уақытта да бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылғалы жатқанынан хабардармыз. Енді, міне, Парсы шығанағы елдерінің инвесторларын көптеп тарту ісінде еліміз алға шықты. Елбасымыздың «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» халықаралық сыйлығына ие болуы соның нақты айғағындай. Бұл ислам әлемі тарапынан Мемлекет басшысына, елімізге құрмет көрсетіліп, сенім білдірілуінің де көрінісі.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




