35 жұмыс орны ашылды
МЕРКІ АУДАНЫ Ауданда ел аумағындағы желілік «Zeta» жиһаз дүкенінің өндіріс зауыты жұмысын бастады. Бұған дейін аталған «Zeta» Меркі ауылында өз дүкенін ашса, бұл жолы өндіріс көлемін арттыруды мақсат етіп, өнімді аудан аумағында өндіруді жолға қойып отыр. Аталған цехта кеңсе жиһаздары мен үй бұйымдары жасалып, жергілікті «Zeta» дүкеніне шығарылады. Сонымен қатар цех өнімдері Жамбыл және Түркістан облыстарының аймақтарына өткізілмек.
Жиһаз өндірісі зауытының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жорабек Баубеков мекеме жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, мекемеде 35 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




