Жаңалықтар
Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған итке оқ атқан
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2022
- 182
Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған итке оқ атқан
Павлодарда полицей адамдарға шабуыл жасаған итке оқ атқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін таңда болған.
21 тамызда сағат 6:31-де "102" нөміріне Бекхожин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің артында ер адамды ит қапқаны және өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасағаны туралы қоңырау келіп түсті", - дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға орнына Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының АП-627 автопатрулі жіберілген. Полицейлер оқиға орнынан Алабай тұқымды итті көрген. Ер адам әйелге ит шабуыл жасағанын, кейін өзін де қапқанын айтып, полицияға жүгінген. Жағдайды бағалап, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында полиция кіші лейтенанты Ерсін Шахманов ПМ-9 мм қызметтік қаруын қолданып, екі рет оқ атқан. Ит аман, ол ветеринария қызметкерлеріне тапсырылған. Оның иесін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Ал 33 жастағы жәбірленуші - Полиция департаменті қызметкері. Ол ауруханаға жеткізілген. Жәбірленушінің айтуынша, таңертең жұмысқа шыққан. Жолда әйелге ит шабуыл жасағанын көрген. Ол ойланбастан жүгіріп келіп, әйелді жауып, иттен құтқарған. Кейін ит оған да шабуыл жасаған. Куәгерлер полиция шақырған. Полицейлердің қызметтік қару қолдану дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді