Жаңалықтар
Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2022
- 579
Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда жарыстың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Бірінші партияда Л.Киченок пен Е.Остапенко басым түсті – 6:3.
Екінші сетте дәл осындай есеппен Беатрис пен Анна есе қайырды – 6:3.
Супер тай-брейкте Л.Киченок пен Е.Остапенко жеңісті жұлып алды – 10:8.
Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Хаддад Майя 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 эйспен, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Кейін Л.Киченок пен Е.Остапенко ресейлік Вероника Кудерметова – бельгиялық Элизе Мертенсті 4:6, 7:6 (7:5), 10:5 есебімен ұтып, финалға да шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




