Жеңілдетілген автонесие: соңғы транш аударылды
Индустриялық даму қоры (ИДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты.
"Индустриялық даму қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында "Еуразиялық банк" АҚ-қа қалған 10 миллиард теңге лимитті бөлді", - делінген хабарламада.Сонымен, ИДҚ бағдарламаға қатысушы банктерді 100 миллиард теңге көлемінде қаржыландырды, оның ішінде:
- "Еуразиялық банк" АҚ - 35 миллиард теңге;
- "Банк ЦентрКредит" АҚ - 27,5 миллиард теңге;
- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ - 22,5 миллиард теңге;
- "Forte Bank" АҚ - 15 миллиард теңге.
"Бүгінде бағдарлама бойынша автокөлік сатып алуға 31 538 өтініш қабылданып, 95,517 миллиард теңгеге 12 483-і мақұлданды. Барлығы 77,068 миллиард теңгеге 10 015 автокөлік берілді", - деді қордағылар.Автокөлік сатып алуға өтініштердің көпшілігі мына өңірлерден түскен:
- Алматы - 7031;
- Нұр-Сұлтан - 5381;
- Шымкент - 4664;
- Қостанай облысы - 2465;
- Қарағанды облысы - 2109;
- Шығыс Қазақстан облысы - 1732;
- Павлодар облысы - 1442;
- Ақтөбе облысы - 1144;
- Жамбыл облысы - 1112;
- Қызылорда облысы - 815;
- Маңғыстау облысы - 720;
- Атырау облысы - 616;
- Батыс Қазақстан облысы - 594;
- Ақмола облысы - 571;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 524;
- Алматы облысы - 470;
- Түкістан облысы - 148.
"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша револьверлік механизмді биыл қыркүйекте іске қосу жоспарланған, одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады", - деді қор өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




