Майтөбеден табылған тас
Бұл жәдігер «Ұмай ана» деп аталады. Ұмай ана – ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түркітілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі саналатыны белгілі. Ұмай ананы отбасы және бала-шағаның қорғаушысы, жебеушісі ретінде де құрметтеген. Тас мүсін VІ-VIІ ғасырға тән. Яғни алтыншы ғасырдан бері сақталған жәдігер. 1500 жылға куә болған тас мүсінді болашақ ұрпақтардың да қызыға көретіні анық. Бұл тас Талас ауданы, Майтөбе ауылы, Билікөл көліне жақын жерден табылған. Беті жақсы сақталған. Көзқиығы бадам дәні тәрізді жақын орналасқан. Қыр мұрынды. Билікөлдік тас мүсіннің ерекше атрибуты – тақтатастың бетіне түсірілген үшбұрышты сызықтар түрінде келген бас киімі. Бұл үш мүйізді бас киім болып табылады. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Жұлдыз Алманқұлованың айтуынша, бұл жәдігерді тамашалайтындар аз емес екен.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




