Жәрмеңкеде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылды
Таразда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты - Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, жұмыссыз қоғамнан оқшаулауды қажет етпейтін жаза түрлеріне сотталғандардың қайта қылмыс жасаудың алдын алу және жұмыспен қамту.
Шараға қалалық жұмыспен қамту орталығының, облыстық және қалалық прокуратура
және Тараз қалалық пробация қызметінің қызметкерлері сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 25 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысты.
Жәрмеңкеге 40-қа жуық жұмыс беруші мекемелерден 190 бос жұмыс орындарын ұсынылды, олардың ішінде: аспазшы, дәнекерлеуші, құрылыс жұмысы, электрик т.б мамандықтары бар. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған бос жұмыс орындарына жолдама алды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




