1991 жылдың көктемінде мал шаруашылығын асылдандыру бағытында «Бірлік» шаруа қожалығын құрдым. 2000 гектарға жуық жайылымдық және шабындық жер алдым. Жылдан-жылға мал басы өсіп, көбейді. 2012 жылы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында 47 бас мүйізді ірі қара малын сатып алдым. Қазір 137 бас мүйізді ірі қара, 45 бас жылқым бар. Аудан басшылығының қолдауымен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 10 бас бие сатып алып, қымыз өндірудемін. Онымен қоса, ауыл іргесіндегі үй-жайыма 3 миллион теңгеге жел электр стансасын тегін орнаттым. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының да шапағатын сезініп жатқан жайым бар. 11 миллион теңгеге 3,9 шақырымға электр бағаналарын тартқызып жатырмын. Сәтін салса жоба іске асқан соң, ет бағытындағы 30 бас жылқы мен 50 бас бұқаға арналған мал бордақылау алаңы мен ет сақтайтын қоймам болады. Шаруашылық болған соң, техника қажет. Бұл мәселе де оң шешімін тапты. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизингке алған трактор шаруашылық жұмыстарына жарап тұр. Үкіметтің шаруаларға жасап жатқан осындай жан-жақты қамқорлығының арқасында жағдайым жақсарған үстіне, жақсара түсуде. Осының бәрі еңбекке даңғыл жол ашқан шаруашылығымды құрған жылы қолымыз жеткен Тәуелсіздіктің жемісі.
Шәрден ЖАҚСЫЛЫҚОВ, «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы.
Тоғызкент ауылы.
Ұқсас жаңалықтар
Қолайлы мүмкіндіктердің нәтижесінде қоныстой көбейді
- 14 қаңтар, 2025
Өнім өндіру де, өткеру де оңай шаруа емес
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді