Жаңалықтар
ЭЦҚ-ны (Электрондық цифрлық қолтаңба) онлайн қалай ұзартуға болады?
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2022
- 384
ЭЦҚ-ны (Электрондық цифрлық қолтаңба) онлайн қалай ұзартуға болады?
Егер Сіз ЭЦҚ-ңызды ХҚО-да алған болсаңыз, оның қолданылу мерзімін онлайн үзартуға болады. Ал egov.kz порталы арқылы онлайн алынған ЭЦҚ-ның мерзімін ұзарта алмайсыз- 1 жылдан кейін оны қайта алуға тура келеді. Ұзарту үшін ең алдымен компьютеріңізге NCALayer бағдарламасын жүктеп алыңыз. Содан соң egov.kz порталына кіріп, «ЭЦҚ қайта шығару» қызметін таңдаңыз. Сізді pki.gov.kz сайтына бағыттайды.
Әрі қарай, пайдаланушы келісімін қабылдап, кілттерді сақтау жолын көрсету керек. Ыңғайлы болу үшін алдын ала жаңа папка ашып қоюды ұсынамыз. Жолдарды толтырғаннан кейін қолданыстағы кілтпен өтінімді растаңыз. Содан соң статус жаңартылғаннан кейін жаңа ЭЦҚ-ңызға құпия сөзді орнатыңыз. Енді дайын сертификаттарды жүктеп алу ғана қалды. ЕСКЕРТУ: Құпия сөзді ұмытпау үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз .
Т.Рысқұлов аудандық
Халыққа қызмет көрсету бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді