Жаңалықтар
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2022
- 1.6k
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Зейнелов Нұрбол Қуантқанұлы Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды. Нұрбол Зейнелов 1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап әскери қызметте.
2011-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы;
2016-2017 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы;
2017-2018 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы;
2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметтерін атқарған.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған. Үйленген, 3 баласы бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




