Сербиядағы халықаралық жарыстың жеңімпазы
Ауданымыздағы №37 спорт мектебінің спортшысы Мадияр Бексұлтанов Сербияда өткен бокстан кадеттер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатып қайтты.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ғана Мадиярмен арнайы кездесіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері болуымен құттықтаған едік. Енді міне, араға уақыт салып, қоланы алтынға айналдырып отыр. Осыған орай, елге жеңіспен оралған жерлесімізге құрмет көрсетіп, сән-салтанатымен күтіп алдық. Сонымен бірге батырымызға сый-сияпатымызды табыс етіп, ата-анасына аудан жұртшылығы атынан алғысымды білдірдім.
Мектеп қабырғасында жүріп-ақ бокстан “ҚР спорт шебері” атағын алып үлгерген Мадиярдың спорттағы әлеуетін жеке жаттықтырушысы да жоғары бағалап отыр. Одан бөлек, ҚР чемпионы деген атағы тағы бар. Сәтін салса, жерлесіміз еліміздің әнұранын әлемдік ареналарда талай мәрте шырқататынына сенімім мол. Мадиярға алдағы Азия және Әлем біріншіліктерінде топ жаруына тілектестігімді білдірдім.
Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді