Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Aulieata-Media» ЖШС ұйымдастыруыменҚазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Тараз қаласында«Ақиқаттың ақ туы» атты республикалық қаламгерлер байқауы өткізіледі.

ашық дереккөз

Байқаудың талап-шарттары: – Байқауға еліміздің барлық өңірінен қаламгерлер қатыса алады. – Әрбір үміткер байқауға бір шығарма ұсынуы тиіс. Әрбір шығарма Шерхан Мұртазаның тұлғалық келбетіне қатысы болуы керек. (Шерхан Мұртаза туралы әдеби мақалалар, естеліктер, эсселер мен зерттеу материалдары да қабылданады). – Байқауға тақырыпқа сай, бұрын еш жерде жарияланбаған және түрлі байқаулардан жүлде алмаған шығармалар ғана қабылданады; – Ұсынылған шығармалардың көркемдік қуатына, тіл тазалығына, автордың ойлау жүйесі мен ой айту мәдениетіне баса назар аударылады; – Авторлардың жолдаған шығармалары кері қайтарылмайды және рецензияланбайды; – Байқауға жолданған шығармалар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервал аралығында компьютерде терілуі тиіс. Әрбір шығарманың көлемі 15 беттен аспауы керек. – Шығармалар қолжазба күйінде қабылданбайды. – Жүлде алған шығармалар ұжымдық жинақ болып басылып шығады. – Байқауға әдебиет саласында танымал қаламгерлер қазылық жасайды. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және қайта қарауға жатпайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйлықтар тағайындалады. Жол шығыны – байқауға қатысушы тараптан болады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2022 жылы 28 қыркүйек күні Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Тараз қаласында өтетін салтанатты жиын кезінде марапатталады. Қатысу үшін өтінім беру тәртібі: Мүшәйраға қатысушылар 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін шығармаларын талапқа сай akjolgazet@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек. Бас жүлде – біреу – 1 миллион. Бірінші орын – біреу – 750 мың теңге. Екінші орын – екеу – 500 мың теңгеден. Үшінші орын – екеу – 300 мың теңгеден. Ынталандыру сыйлықтары – төртеу – 150 мың теңгеден.

Ұқсас жаңалықтар