Жаңалықтар
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2022
- 888
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері тағайындалды
ИСАЕВ АЙБЕК АҚЫЛБЕКҰЛЫ Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
Айбек Исаев 1961 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында туылған. 1984 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітіріп, дәрігер мамандығын алды.
Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл қаласындағы қалалық жедел жәрдем ауруханасына травматолог-ортопед дәрігерден бастаған.
1985-1989 жылдары «Жамбыл былғары аяқ киім» медициналық бөлімшесінде дәрігер-травматолог;
1989-2014 жылдары №1 қалалық ауруханасы травматолог дәрігер;
2014-2017 жылдары «Бастау Тараз» ЖШС, 2017 жылғы мамыр-ьамыз айлары аралығында «GOOD LOOK Ekos» ЖШС-де бас дәрігер қызметітерін атқарған;
2017-2018 жылдары ФАҚ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» - «Жамбыл темір жол ауруханасында» ақылы бөлім меңгерушісі;
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




