Жамбылда "Мектепке жол" акциясы биыл да жалғасады
Биыл Жамбыл облысындағы жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен ақшалай қамтамасыз етуге жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Киім-кешекке бөлінген қаржы 2022 жылғы 11 тамыздан бастап ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің жеке шоттарына аударылуда.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы Білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов айтты. Ол, сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында киім-кешекпен қамтуға демеушілерді кеңінен тарту жұмыстары жалғасатынын айтты. Яғни, 1-30 тамыз аралығында «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.
«Облыс бойынша жекелеген санаттағы отбасынан шыққан балалардың саны - 47598. Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында жергілікті бюджет есебінен 43654 балаға (әр балаға 32500 теңгеден) 1 млрд 418 млн теңгеге киім-кешекке ақшалай, демеушілер есебінен 1518 балаға 28 млн 710мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Ал биыл акция аясында жергілікті бюджет есебінен 6496 балаға 211 млн 120 мың теңге ата-аналардың жеке шоттарына аударылса, демеушілер есебінен 389 балаға 9 млн 498 мың теңгеге көмек көрсетілді», - деді спикер.
Бейқұт Тілебалдыұлы акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алатынын да мәлімдеді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




