«Aq jol»-дың арқасындакөгілдір отынға қол жеткіздік
Қызылсай ауылының халқы үш жылдан бері ауыл іргесіне тартылған көгілдір отынға қол жеткізе алмай, арманда жүрген едік. Бұл мәселені облыс басшылығына жеткізу үшін журналистерді араға салып, көмек сұрадық. Осы орайда ауылдағы ағайынның жанайқайын жетер жеріне жеткізіп жазған «Аq jol» газетіне айтар алғысымыз шексіз. Газеттің №90 санында журналист Маржан Рақайдың «Қызылсайдың халқы неге наразы?» атты мақаласы шығып, онда біздің өтінішіміз айтылған болатын. Сол мақала шыққаннан кейін араға апта салмай біздің өтінішіміз ескеріліп, үйді-үйге газ кіргізілді.
Қызылсай ауылы тұрғындарының атынан газет редакциясына рақметімізді жеткізгіміз келеді. Шынын айтқанда, үш жылдан бері арман болып келген газға үш күнде қолымыз жетеді деп еш ойлаған емеспіз. Әлбетте, газетте жазылған мәселеге дер кезінде мән беріп, оны оңтайлы шешіп берген азаматтарға да мың алғыс.
Айта кетейін, ауылға газ кіргенінен бөлек, сол мақалада айтылған өзге де мәселелерге мән беріліп, көше бойының ой-шұңқырлары тегістеліп, ретке келтіріліп жатыр. Бұл дегеніміз Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі деп бағалап отырмыз.
Бақтыбек МҮСІЛІМОВ,
Қызылсай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




