Ұсыныстар жан-жақты сараланады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды. Нақтырақ айтсақ, «Korcem» ЖШС-ның бас директоры Станислав Щербаков Қордай ауданында жылдық қуаттылығы 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысын жүзеге асыру жобасымен таныстырды.
Ал «НұрХим» ЖШС-ның директоры Нұржамал Нұрманалиева аралас кешенді минералды тыңайтқыштар және киім тігін бұйымдары өндірісіне, «Qazaq Soda» ЖШС-ның бас директоры Рамазан Ибраимов кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысына қатысты мәселелерге назар аудартты.
Сондай-ақ кәсіпкер Дамир Ташқараев су үнемдеу технологиясы бойынша өз жобасын ұсынды.
Аймақ басшысы аталған жобалар жүзеге асқанда ашылатын жұмыс орны, өндірілетін өнім көлемі және оның өткеру нарығы, түсетін инвестициялардың ауқымына айрықша көңіл бөлді.
Нұржан Нұржігітов жауаптыларға инвесторлардың ұсыныстарын жүзеге асыру мүмкіншілігін және тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




