Шаханов жырлары дәріптелді
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ Қазақ поэзиясында дара қолтаңбасы бар ақын Мұхтар Шахановтың биыл 80 жасқа толуына орай «Amanat» партиясының «Ұлттық мұра» және аудандық кітапхананың «Оқитын ұлт» жобалары аясында адуынды ақынның рухты жырлары дәріптеліп, «Халқы сүйген қаламгер» атты аудандық байқау өтті. Байқауға қатысқан 10 үміткер «Өлеңім – өмірімнің айнасы», «Ұлт рухының шырақшысы», «Мұхтар шығармашылығының рухани арналары» кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Байқаудың мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақын М.Шахановтың өмірі, шығармашылығы мен жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Жүлделі орындарды Қарақат ауылының кітапханашысы Камшат Шабеева, аудандық кітапханадан Айымжан Сәлімжан, Құлан ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Сандуғаш Егембердиева иеленді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді