«AR-AI» жастар газетінің бас редакторы тағайындалды
Тұрсынбек Темірланұлы Сұлтанбеков - Жамбыл облыстық «AR-AI» жастар газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды. Тұрсынбек Темірланұлы Сұлтанбеков 1986 жылы 10 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетін «Филология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Сарысу аудандық «Сарысу» газетінде корректор болып бастаған. Осы басылымда тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болып еңбек еткен.
2008 жылы республикалық «Салық тәртібі» газетінде тілші болып жұмыс істеді. Сол жылдың қыркүйек айынан Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Сарысу және Талас аудандары бойынша меншікті тілшісі, кейіннен тілші, «Саясат», «Экономика» бөлімдерінің меңгерушісі болды.
2015-2017 жылдары аралығында Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газетінде «Саясат», «Экономика», «Мәдениет» бөлімдерінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2017-2020 жылдары Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан бері Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің жауапты хатшысы.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Aq j
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді