- Advertisement -

Билердің орны бір төбе

56

- Advertisement -

Облыстық ардагерлер кеңесі өңір ақсақалдарының, билер кеңесінің басын қосып арнайы семинар-кеңес өткізді. Онда кеңес құрамындағы ардагерлерді медиация саласы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, бұл тұрғыда Билер кеңесінің орны зор. Аталған жиында баяндама жасаған облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов өздері атқарып жатқан жұмыстарды жан- жақты саралап шықты.

Соңғы жылдары қоғамда орын алған дау- дамайларды, келіспеушіліктерді сотқа дейін жеткізбей шешудің жолдары қарастырылуда. Әрі сол мақсатпен «Ардагерлер ұйымы» ре спубликалық қоғамдық бірле стігі филиалдарының қатысуымен және әр деңгейдегі соттардың тікелей ықпал етуімен жер-жерде билер кеңестері құрылып, жұмыс істей бастағаны мәлім.

Ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында 2018 жылдың қарашасында облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрамы 7 адамнан тұратын билер кеңесі құрылған болатын.

Ал 2019 жылдың басынан бері облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласында құрамы 7 адамнан, 156 ауылдық округте құрамы 3 адамнан тұратын билер кеңестері іске кірісіп, өз жұмыстарын атқаруда. Қазіргі таңда облыс бойынша билердің жалпы саны 566-ға жетіп отыр екен.

Аталған билер кеңестерінің құрамына ел ішінде беделді, абыройлы, ақыл-парасаты мол, біліктілігі зор,өмірлік тәжірибеге ие ардагер мен дін өкілдері тартылған. Олар даулы мәселелерді мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешіп, екі жақты бәтуаластыруға қабілетті екендіктерін танытуда.

Облыстық билер кеңесі құрылып, іске кіріскен алғашқы күннен бастап, Жамбыл облыстық сотымен бірлесе отырып «Билер кеңестері жайлы Ереженің» жобасы жасалды.

Қазақстан Республикасы «Медиация тура лы» Заңын басшылыққа а лып, жұмыстарын жүргізулері үшін 65 азаматқа «Кәсіби емес медиатор» сертификаттарын облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Жомарт Рүстембеков пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев тапсырды. Барлық деңгейдегі билер кеңестері құрамының біліктілігін арттыруға арналған осындай оқулар аудан орталықтарында да өткізілді. Бірнеше ауданның, ауылдық округтің билерін бір орталықта жинап оқыту да жолға қойылған.

Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Жуалы, Талас аудандары мен Тараз қаласында өткізіліп, 400 адамға сертификаттар тапсырылды. Бұл өз кезегінде билердің дауласқан тараптарды сотқа дейін бітімдестіруіне кеңінен жол ашты, – деді билер кеңесінің төрағасы өз баяндамасында.

Сондай-ақ ол облыстық билер кеңесінің ұйымдастыруымен осы уақытқа дейін 7 алқа мәжілісі, 3 дөңгелек үстел, 22 семинар кеңес өткізіліп, 209 азамат қоғамдық қабылдауда болғанын және билер кеңестерінің іс- тәжірибесі туралы 3 кітап жарық көргенін атап өтті.

«Облыстық билер кеңестерінің белсенді жұмыстары мен кәсіби біліктілігінің арқасында 2019 жылы 420 дау-дамайлы істер қаралды. Оның ішінде соттан алып қаралғаны – 120. Ал 2020 жылы 490 дау- шаралар шешімін тапқан болса, оның 150-і соттан алынып қаралған іс. 2021 жылы билердің көмегімен облыс соттарында 718 азаматтық іс бойынша татуластыру рәсімдері жүргізіліп, оның ішінде 322 азаматтық іс бойынша тараптар татуласып, іс өндірістен қысқартылды. Қаралған істердің 44,8 пайызы бойынша тараптар татуласқан.

Оның ішінде билердің көмегімен 100 азаматтық іс неке бұзу даулары бойынша, 60 іс жер дауы, 85 қарыз өндіру, 77 міндеттемелі шарттарды орындау даулары бойынша татуласумен аяқталды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Дәнекер» пилоттық жобасы бойынша: облыста «Отбасылық құқықтық» істер бойынша қара лған 212 отбасының істеріндегі 30 пайыз жастар, яғни 69-ы жас отбасылары татуласқан.

Билер кеңесі қараған мәселелердің дені азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар.

Бір ат ап өтететін мәс еле, билер кеңесінің тиімділігіне көз жеткізген сайын жұртшылықтың оған сенімі де артып келеді. Өткен мерзім ішінде билер кеңестерінің ұйымдастыруымен өңірлердегі билердің жұмыстарын насихаттау, түсіндіру, озат тәжірибелерді тарату билер кеңесінің ережелері мен мақсат-міндеттерін жеткізу үшін семинар-кеңестер өткізілді» деді Оңласын Есіркепов.

Кеңес «Дәнекер» жобасын жүзеге асырудағы аудандардағы билер кеңестері жұмысын ай сайын саралап отырады екен. Әр аймақта облыстық семинар-кеңестер өткізіліп, тәжірибелер алмасады. Солардың ішінде билер институтын қалыптастырудағы өзіндік ізденісі бар билер кеңесінің қатарында Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы С.Әбсадықұлы «Дәнекер» қанатқақты жобасын белсенділікпен атқарып, осы істің танымдылығын арттырғаны және дау- дамайларды төмендетуге ықпал еткені үшін «Облыстық үздік би – 2021» байқауының жеңімпазы атанған.

Сондай-ақ Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу аудандарында және Тараз қаласының билер кеңестерінің жұмыстары жақсы жолға қойылған екен.

Кеңес төрағасы шешімін күткен мәселелер бар екенін де жасырмады: «Кейбір аудандық, ауылдық билер кеңестерінің ынтасыз, ықылассыз, жігерсіз, нәтижесіз жұмыс істеп отырғандары жоқ емес. Бүгінгі біздің жұмысымыздағы орын алып отырған осы олқылықтар мен шешімін табатын түйінді мәселелер әрдайым басты назарда болу керек, себебі алда ауқымды міндеттер, ойлар, межелер, жоспарлар аз емес. Жалпы, біз ең алдымен ұсақ-түйек, отбасындағы, ағайын, көрші-қолаң, жас жұбайлар арасындағы дау- дамайдың барлығын сот отырысында шешіп қана қоймай, билердің, ақсақалдардың араласуымен де шешуге күш салудамыз. Біздің мақсат – тараптарды араздастыру емес, мейлінше табыстырып, жастардың отбасын сақтап қалуына, бауырлардың арасының суып кетпеуіне мейірім сынасын қағу.

Елімізде жас отау құрғандар арасында ажырасу күрделі мәселе болып тұр. Бүгінгі қоғамда әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Кеше ғана қол ұстасып қосылған жас жұбайлар араға айлар салып болмашы нәрсеге бола ажырасып жатқанын көріп жүрміз. Өкінішке орай бұл бағыттағы жұмыстар да дұрыс жолға қойылмай келеді.

Осы кемшіліктерді жою үшін аудандық, ауылдық билер кеңестері үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізулері керек. Билер кеңесінің әрбір мүшесі бітімгершілікті жақсы нәтижеге жету үшін атақты билердің бізге қалдырған өнеге-сабақтарын біліп, насихаттап, дауды шешуде негізге алып жүрген абзал», деді ол.

Семинар-кеңесте ардагерлермен атқарылған түрлі шаралар саралана келіп, олардың озық үлгісін кеңінен насихаттау мен тарату керектігі сөз болды.

 Маржан КӘРІМЖАНҚЫЗЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support